«Жыр дариясына айналған ақын»

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жыр дариясына айналған ақын» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.