«Желтоқсан батырлары»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық мәдениет үйінде желтоқсан оқиғасының ардагерлері Керімбердиев Марат Сейілұлы, Сексенбаева Мария Мантайқызы, № 22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің ұжымы, оқушыларының қатысуымен «Желтоқсан батырлары» атты кездесу кеші өтті. Талапты ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айжан Мелдеханова «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.