16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек мәдениет үйінде Жуалы аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Үркімбаев, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музеиінің директоры Ерғали Тілеубековтың қатысуымен атты еске алу кеші өтті. Бәйтерек ауылдық кітапханасының маманы Таңшолпан Мамырбекова «Желтоқсан ерлік тарихымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
