«Заманның заңғар тұлғасы»

Жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Заманның заңғар тұлғасы» атты әдеби шежіре ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.