«Желтоқсан ерлік тарихымыз»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық клубында Жуалы аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Үркімбаев, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музеи‌інің директоры Ерғали Тілеубековтың қатысуымен «Тәуелсіздік — ел мұраты» атты еске алу кеші өтті. Кітапханашы Жаңыл Мирсеитова «Желтоқсан ерлік тарихымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.