Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Әбіш Кекілбаев туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.
