16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында Көкбастау ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төреағасы Әмірқұл Аташбек, кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер Шыңғыс Ералиев, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Желтоқсан Жаңғырығы» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.