«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы аудандық орталық кітапханасында желтоқсан оқиғасының ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары Уркумбаев Әбдікерім Құлтайұлы, Тілеубеков Ерғали Өтемісұлы, Мұратаев Қанат Жарасұлы, Сарбаев Нұрбек Спатаевич, Даниярова Гүлмира Рахмашқызы, Сексенбаева Мария Мантаевнаның қатысуымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кеш өтті. Кешті Қызғалдақ ән-би ансамблінің жетекшісі Мәлік Мықтыбеков «Бақпенен қызыр қонсада» атты термесімен бастап, кітапхананың тұрақты оқырмандары Мирас Ғали «Қазақстан-елім менің!» өлеңін, Назым Талас «Желтоқсан» өлеңін, Рамзат Батырғали «Қуан қазақ» өлеңін, Елдар Жақсылық «Тәуелсіздік» өлеңін, Жайна Жалғау «Желтоқсан алаңы» өлеңін, Жания Әкімжан «Тәуелсіз елім» өлеңін, Ақылжан Қайып «Азат елім-ғажап елім!» өлеңін, Жасұлан Бердібай «Желтоқсан желі» өлеңін, Кәусар Тұралы «Қабірден хат» монологын мәнерлеп оқып, Мирас Ғали «Жаса Қазақстан!» әнін, кітапханашы Аида Тәліпбек «Атамекен» әнін, №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары Нұрасыл Дүйсенбек, Дінмұхаммед Алдияр «Желтоқсан» күйін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Арай Біттібай «Желтоқсан-тәуелсіздік рухы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кеш соңында қатысқан қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.