«Таластың талантты ақыны»

«ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» акциясы

Өкім Жайлауов — Қазақтың белгілі қаламгері, талантты ақын

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Таластың талантты ақыны» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында Мерей Билібай «Алатау асқары», Томирис Әмірқұл «Жылқышы жыры», Іңкәр Еркебай «Туған ауыл», Айгерім Әлімханқызы «Тәуелсіздік тұғыры», Кәусар Мейіржан «Тәуелсіздік», Гүлсезім Сайлау «Асыл арман», Сымбат Жетпіс «Қилы кезең», Камила Жүнісбек «Әйелдер», Қарақат Қуатбек «Атамекен», Інжу Қабылбек «Борыштармыз азат елдің таңына» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Шашу» би тобы «Қазақ» биін, «Дива» би тобы «Үнді» биін билеп, Нұрислам Әмірқұл «Жақсы адамдарым», «Бірлігіміз жарасқан» атты әндерін әуелетіп орындады. Кітапханашы Әмина Солтыбай «Қаламгер келбеті» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.