Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Поэзия ханшайымы -Фариза» атты поэзия кеші өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.
