«Дені саудың — жаны сау»

5 сәуір — Бүкіләлемдік денсаулық күні

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігері Дүйсенбек Жалғас Кендебайұлының қатысуымен «Дені саудың — жаны сау» атты маман кеңесі өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.