ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы дала елі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.
