Ақын Бауыржан Үсенов — 65 жыл
Жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында Бауыржан Үсеновтың қарындасы Күнсұлу Қамбарова және №30 Көктөбе орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Жапыраққа жазылған жыр» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
