«Тарих — ғасырлар куәсі»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Жас қыран» қызығушылық клуб мүшелерінің және №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарих — ғасырлар куәсі» атты тарихи шежіре өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.