«Өлеңімнің әр жолы — өмірбаян»

Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова 80 жаста

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы «Өлеңімнің әр жолы — өмірбаян» тақырыбында ауызша журналды назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.