ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында «Жас-Ұлан» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен «Қазақ хандығы — тарихымыздың бастауы» атты тарих сағаты өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.
