ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.
