«Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын»

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.