Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова 80 жаста
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Өлеңімнің әр жолы — өмірбаян» тақырыбында таным сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
