«Тарих пен тіл тамырлас»

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тарих пен тіл тамырлас» атты көрме-понарама ұйымдастырды. Іс шара барысында кітапханашы Г.Егеубаева оқырмандарға ана тілімізді құрметтеуге, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіріп, ұлтжанды ұрпақ болуға шақырды.