«Діни сауаттылық — тәрбие бастауы»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Діни сауаттылық — тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.