«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Г.Егеубаева, кітапхананың тұрақты оқырманы Т.Сағынбекованың қатысуымен «Нұрлы ұрпақ» балабақшасының «Жұлдыз» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндеріне А.Өмірбаевтың «Ең үздік ертегіші» кітабынан «Жақсылық» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.