МӘДЕНИ МҰРА — МӘҢГІ МИРАС
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Бабалар сөзі — ақылдың көзі» мақсатты бағдарлама аясында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Мәдени мұра — ұлы мақсаттың бастауы» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру, тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
