«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Керимова кітапхананың тұрақты оқырмандары Н.Құлбай, Ж.Надирбекованың қатысуымен №26 Жаңаталап орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының бүлдіршіндеріне Д.Мамырбаеваның «Жан-жануарлар әлемі» кітабынан «Әтеш пен түлкі» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.