«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Абделиева, әдіскер М.Усенбекова, Ақтөбе ауылдық Аналар алқасының мүшесі А.Дүйсенбаева, Билер алқасының мүшесі Ж.Уразбаев, «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешілері П.Мамытова, Н.Оралбаеваның қатысуымен «Өнерпаз» ересектер тобына «Күн, ай және әтеш» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.