«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Жанабаева, әдіскер А.Аленова Аналар алқасының төрайымы З.Амирова, «Жетітөбе» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі З.Оразымбетова, әдіскер А.Алимбетованың қатысуымен «Көгершін» орта тобының бүлдіршіндеріне «Пысық құлан» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.