«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Жұмаханова, Билікөл ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Абсалямов, ардақты әже Н.Панеева, «Билікөл» балабақшасының тәрбиешілері Г.Айжанова, М.Түзелбекованың қатысуымен «Құлыншақтар» және «Көгершіндер» тобының бүлдіршіндеріне «Ашылмалы кітапша» кітабынан «Әуесқой марғау» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.