«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Ж.Мирсеитова, әдіскер Г.Рустемова, Қызыларық ауылдық Аналар алқасының төрайымы М.Сувалиева, «Қызыларық» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі А.Құлманованың қатысуымен «Балауса» ортаңғы тобының бүлдіршіндеріне «Алдардың ұрыдан ат алуы» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.