«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ұ.Көкеева Аналар алқасының төреайымы Ж.Тәжібаеваның қатысуымен №9 Абай атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндеріне “Алтын сақа” ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.