“Ауғанстан — тарих қойнауының бір парағы”

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында ауған соғысы ардагерлері К.Раздықов, Х.Тасымбетов, Көкбастау ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төреағасы Ә.Аташбек, №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Н.Дәреналы және 10 сынып оқушыларының қатысуымен “Ауғанстан — тарих қойнауының бір парағы” атты кездесу кеші өтті.
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.