Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында ауған соғысының ардагерлері Е.Тлеубеков, Ерғали, С.Құлтаев және №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ауған ардагерлеріне тағзым” атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
