«Ауғанның от жалыны»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Қызыларық ауылдық клубында Ауған соғысы ардагерлері П.Успанов, А.Әбдіқасымов, Х.Тасымбетов, К.Раздықов, №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушылары және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ерлік ұрпаққа мұра» тақырыбында кездесу кеші өтті. Сұрым ауылдық модельді кітапханасының әдіскері Г.Рустемова «Ауғанның от жалыны» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.