“Тарихтан тағылым”

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп Жуалы аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, Ауған соғысының ардагері Е.Тлеубеков , А.Асибеков, М.Исаев, Билікөл ауылдық округінің әкімі Е.Қамбарбеков, Билікөл ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төреағасы Е.Абсалямов, Аналар алқасының төрайымы С.Иманбаева, қоғамдастық төрағасы Б.Мамабетов №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің директоры Д.Молдабаева, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Р.Трибосынов және 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Тарихтан тағылым” атты еске алу кеші өтті. Кітапханашы Г.Жұмаханова “Тарихтан тағылым”тақырыбында баяндама жасап, «Ауғанстан ақиқаты» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.