«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Пернебек, кітапхана әдіскері Ж.Мәлікбай, Аналар алқасы мүшесі С.Сабдинбекова, “Балақай” бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері М.Мардазимова, М.Бультрикованың қатысыуымен “Айгөлек” ортаңғы тобының бүлдіршіндеріне “Әділдік” ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.