Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық клубында Ауған соғысы ардагерлері Е.Тілеубеков, Н.Көкеев, №9 Абай атындағы орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушылары және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Қасіретті Ауған жері» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кітапхананың әдіскері А.Асанбек «Ауғанның от жалыны» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

