Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық клубында Ауған соғысы ардагерлері Е.Тілеубеков, Н.Көкеев, Д.Болысбаев, №28 Амангелді атындағы орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушылары және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ерлік жасаған ерлер» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кітапханашы С.Дербисалиева «Ауған қасіреті» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

