БҮГІН – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 85 ЖЫЛ

БҮГІН – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 85 ЖЫЛ
Әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Ескендір Хасанғалиев Өтегенұлы (1940-2021 жж.) 13 ақпанда дүниеге келген.
Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын танымал әндердің авторы.Оның алғашқы әні 1961 жылы «Анаға сәлем» деген атпен елге танылып, одан кейін «Асыл арман», «Атамекен», «Бозторғай», «Әдемі-ау» т.б. жұртшылық сүйіп айтар әндер жазды. Ескендір Хасанғалиев әндері әсіресе жастық шағы 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында өткен замандастарына, іні-қарындастарына ыстық. Оның «Әдемі», «Өмірімнің жазы», «Студенттердің қоштасу әні», «Асыл арман», «Ауылым-әнім», «Атамекен», «Есіңе ал», «Сағындым сені», «Гүл сезім», «Әдемі-ау», «Елігім еркем», «Бозторғайым» тағы да басқа әндердің авторы. Әндерін ел ішінде емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды.
Ескендір Хасанғалиевтің Отан, туған ел тақырыбына арналған шығармалары өте көп. Ол 500-ден астам ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған.