Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапханасы №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің оқушылары және Ауған соғыс ардагерлері Е.Тілеубеков, А.Утегенов, Ә.Әсібеков, П.Успанов, Б.Жұмашевтың қатысуымен «Біздің өлкенің қаһармандары» атты кездесу кеші өтті. Іс шарада кітапхана әдіскері Г.Шәпенова «Сөнген шоқ…Өшкен арман…Есте қалған» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасап, библиограф Б.Теміржанова мерзімді басылымдар және библиографиялық көрсеткіштермен таныстырды.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
