«Ана тілім — дана тілім, бақ тілім»

21 АҚПАН — АНА ТІЛІ КҮНІ
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Бабалар сөзі — ақылдың көзі» мақсатты бағдарлама аясында №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушылары және сынып жетекшісі М.Раисованың қатысуымен «Ана тілім — дана тілім, бақ тілім» атты библиошар өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу, ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.