21 АҚПАН — АНА ТІЛІ КҮНІ
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен “Ең бірінші бақытым — тілім менің” тақырыбында мәнерлеп оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу, ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
