«Балалар күнделігінің жаршысы»

2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы. «Жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау, дамыту» бойынша Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында балалар жазушысы Марат Құлибайұлы 50 жасқа толуына орай №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар күнделігінің жаршысы» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Жазушының еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулу, шығармаларымен таныстырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, оқырмандарды адалдыққа, кітап оқуға баулу.