Жуалы аудандық орталық кітапханасы Жуалы АПБ ЖПҚБ ЮПТ жұмысының аға инспекторы полиция капитаны Д.Байдалиев, ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты А.Қылышбаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгер-маманы Н.Ахметовтың қатысуымен «Заң үстемдігі — заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Сиркебаева «Құқық — әділет, парасат» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.