ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында Ауған соғысының ардагерлері Е.Тілеубеков, П.Оспанов, Қ.Тасымбетов, Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен “Соғыс өтті күркіреп…” атты таным сағаты өтті. Шара барысында 8 «Ә» сынып оқушысы А.Нұржан соғыс туралы өлең жолдарын оқыса, Ж.Мұқан «Ерке сылқым» күйін тартып, 2 «В» сынып оқушысы Ә.Қадырбек «Туған жерім», аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы А.Тәліпбек «Атамекен» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Г.Егеубаева “Отты жылдар елесін, кітап оқып білесің” атты кітап көрмесіне шолу жасап, кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.