«Әжемнің ертегілері» жобасы

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы ауылдық клуб жанынан құрылған “Сырғалым” қыз-келіншектер әуесқой клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен “Балауса” бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндеріне “Алтын жүзікті қыз” ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.