«Ана өмірдің гүлі»

8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі және көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімі кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік кеші өтті.

Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың еңбегін бағалап, келер ұрпақты мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.