8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандары және №5 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» тақырыбында сұхбат өтті.
Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың еңбегін бағалап, келер ұрпақты мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.