«Аналарға мың тағзым»

8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында Қошқарата ауылдық округінің әкімі М.Телеушов, Ақсақалдар алқасының төреағасы Ә.Үлкінбаев, Аналар алқасының төреайымы Ж.Тәжібаеваның қатысуымен «Аналарға мың тағзым» атты мерекелік кеш өтті.

Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың еңбегін бағалап, келер ұрпақты мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.