8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасыда №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ана — отбасы тірегі,мейірімділіктің жүрегі» атты мерекелік сағат өтті.
Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың еңбегін бағалап, келер ұрпақты мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
