22 НАУРЫЗ — НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында «Білімді ұрпақ» қызығушылық клуб мүшелері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Наурыз құт — береке бастауы» атты әдеби кеш өтті. Шара барысында қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс», «Бесікке салу» рәсімі көрсетілді.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандандылыққа тәрбелеу.