«Дені саудың, тәні сау»

24 наурыз — Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күні

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің медбикесі Берікбай Самал Ерболқызы және 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Дені саудың, тәні сау» атты денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға туберкулез туралы түсінік бере отырып алдын алу және ерте анықтау туралы хабардар ету, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.